17 мамыр күні мектебімізде «Білім –бақыт бастауы» атты дарынды оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, зияткерлік марафонның, ғылыми-практикалық конференциялардың, шығармашалық байқаулардың және спорттық жарыстардың жүлдегерлері, сондай-ақ жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдер қатысты. Мектеп директоры Гүлнар Батесовна құттықтау сөз сөйледі. Ол оқушылар мен олардың педагогтарын лайықты жеңістерімен құттықтап, оларға алдағы уақытта табыс тіледі және дарынды балаларды дамыту және қолдау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
17 мамыр күні мектебімізде «Білім –бақыт бастауы» атты дарынды оқушыларды марапаттау рәсімі өтті