"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Оқытудың заманауи формалары мен әдістері: ізденістер және шешімдер» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті

29.04.2022 күні Пригород орта мектебінде Ақтөбе қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай «Оқытудың заманауи формалары мен әдістері: ізденістер және шешімдер» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: Оқытудың заманауи формалары мен әдістері атты стратегияларын ұтымды пайдалану, оқушылардың ізденістерін, шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың сапасын, тиімділігін арттыру. Семинарға қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасты. Семинарда оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында заманауи талапқа сай технологиялық әдіс - тәсілдер кеңінен қолданылды.

Кадырова А.Е,Хрусталёва Т.И ашық сабақтар беріп,тәжірибе алмасты