"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
2022 жылдың 5 мамыр күні Пригород орта мектебінде "Өрлеу" Кәсіби даму институтының курс тыңдаушыларына "Оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, бағалауды қалыптастыру, оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту" тақырыбында семинар

2022 жылдың 5 мамыр күні Пригород орта мектебінде "Өрлеу" Кәсіби даму институтының курс тыңдаушыларына "Оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, бағалауды қалыптастыру, оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту" тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында курс тыңдаушылары теорияда алған білімдерін практикамен ұштастырды. Семинар жұмысын мектеп директоры Жанина Г.Б., Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Изтлеуова А.А. алғы сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинарда мектеп мұғалімдері Қожанова Ә.Ж., Абишова А.К., Кадырова А.Е., Байдовлетова Б.С., Кожагалиева З.С., Кемалова О.Т. өз тәжірибелерін ортаға салды. Мектеп психологы Сисенгалиева Б.М. рефлексия жүргізіп, семинарға қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, мектеп ұжымына ризашылығын білдірді.