"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Ужраева Дания "Мерген мұғалім - 2022" пневматикалық винтовкадан нысана көздеп ату жарысының жеңімпазы

Қалалық білім бөлімі, әдістемелік кабинеті және қорғаныс істер жөніндегі басқармасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес наурыз айының 28-30 күндері № 9 ОМГ базасында, қала мектептерінің мұғалімдері арасында "Мерген мұғалім - 2022" пневматикалық винтовкадан нысана көздеп ату жарысы өткізілді. Жарысқа Ақтөбе қаласының 74 мектеп командалары қатысты. Аталған жарысқа мектебімізден физика пәні мұғалімі жас маман Ужраева Дания қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз!