"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Пригород орта мектебі» КММ-не 1 сәуірден бастап жаңа 2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау басталатынын хабарлайды

Ата-аналар назарына!

«Пригород орта мектебі» КММ-не 1 сәуірден бастап жаңа 2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау басталатынын хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб – порталы арқылы жүзеге асырылады.
порталға:
- ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініш;
1) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама
2) "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
- баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

Оқуға қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталады.

☎Қосымша ақпаратты мектептің қабылдау кабинеті 73 02 37, 87773859797 нөміріне хабарласу арқылы алуыңызға болады.