Пригород орта мектебінде "Қош келдің, Әз Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мектеп ауласына киіз үй тігіліп, наурыз көже асылды. Ұлттық салт- дәстүрімізді насихаттау барысында "Келіндер байқауы", ұлттық ойындар ойнатылды. Көрермендерді әсем ән мен көрші ауылдан мерекемен құттықтап келген "Әжелер" ансамблі мерекеміздің одан әрі сәнін келтіре түсті. Барша келген тұрғындар мен қонақтар Наурыз тойынан мәз - мейрам болып тарасты!
Құрметті тұрғындар, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, баршаңызға Наурыз мерекесі құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт - береке, ырыс - несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз мейрамы құтты болсын!!