"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Волейболдан ауыспалы кубогі» турнирының жабылу салтанатты жиыны өткізілді

Пригород орта мектебінің 2002 жылғы тұңғыш қазақ класы түлектерінің ұйымдастыруымен «Волейболдан ауыспалы кубогі» турнирының жабылу салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиында мектеп директоры Жанина Гүлнар Батесовна қатысушыларды наурыз мерекесімен құттықтап, турнир жеңімпаздарын марапаттады. Турнирдің жабылу жиынына қамқоршылық кеңес мүшелері, оқушылар ата –аналар, тұрғындар келіп қатысты.

Турнирге белсене қатысқан барлық командалар мадақтамамен марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен 2003 ж. түлек «Барыс» командасының ойыншысы Қуатов Әділбек «Үздік қорғаушы», 2018 ж.түлек «EMPIRE» командасының ойыншысы Кушанов Шахмұрат «Үздік шабуылшы», Пригород орта мектебінің 10 «А» класс оқушысы, «Жастар» командасының ойыншысы Төлегенов Мансұр «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша жеңімпаз боп танылды.

І орын - 2019 жылы мектебімізді бітірген түлектер «LEGION», 100 000 тг

ІІ орын –Пригород орта мектебі ұжымы «Бірлік» командасы, -70 000 тг

ІІІ орын - 2018 жылы мектебімізді бітірген түлектер «EMPIRE» командасы. -40 000 тг.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!