Пригород орта мектебінің 2002 жылғы тұңғыш қазақ класы түлектерінің ұйымдастыруымен «Волейболдан ауыспалы кубогі» турнирының ашылу салтанатты жиыны өткізілді. Турнирды ұйымдастырушылар мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған Пригород орта мектебінің 2002 ж. түлектері.
Спорттық турнирдің мақсаты - спорттық қозғалысты дамыту, салауатты өмір салтын ынталандыру, дамыту және нығайту, сондай -ақ волейболдан спорттық турнирлер арқылы жастарды дене шынықтыру мен спортқа тарту, мектеп пен түлектердің арасындағы қарым -қатынасты нығайту. Салтанатты жиынның ашылуы Пригород орта мектебінің спорт залында өткізілді. Спорттық жарыстың ашылу салтанатында Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы әкімдігінің орынбасары Өтешов Рустем Баймырзаұлы сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спорттық шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айтты. Мектеп басшысы Жанина Гүлнар Батесовна алтын ұя мектебіне келген түлектерді келіп жеткен наурыз мерекесімен құттықтап, турнирге қатысушыларға әдемі, сәтті де жеңісті ойын тілеп, турнирді ашты. Сонымен қатар турнирге мектебіміздің ардагер ұстазы Сарманова Мәншүк Әзілханқызы қатысты. Мәншүк Әзілханқызы 2002 ж.түлектердің бастамасы бойынша тамаша іс –шара басталғанына ризашылығын білдірді.
Турнирге қатысуға он команда өтініш берді.
2019 ж.түлектер «LEGION» командасы. 2018 ж.түлектер «EMPIRE» , 2012 ж. түлектер құралған «БАТЫС» командасы, 2014 ж.түлектерден құралған «CПАРТА» командасы.
2008 ж. түлектерден құралған «АҚТӨБЕ», 2004 жылғы түлектер «ОКСФОРД» командасы. 2003 ж. түлектер «БАРЫС» командасы, Пригород орта мектебі оқушыларынан құралған «ЖАСТАР» командасы. Пригород орта мектебі мұғалімдер ұжымы «Бірлік» командасы . Осыдан 20 жыл бұрын 2002 жылы мектебімізді бітірген түлектер «Бастау» командасы. Сонымен қатар турнир жеңімпаздары диплом, кубок, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады. Жүлде қоры 1 орын -100 000 тг.; ІІ орын -70 000 тг.; ІІІ орын -40 000 тг.
Жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілейміз!