Пригород орта мектебі КММ-де 14 наурыз күні "Көрісу күні" қарсаңында "Амал келді, жыл келді" атты мерекелік іс- шара аталып өтілді. Мектебіміздің ұстаздары, оқушылары, ата - аналар, қамқоршылық кеңес бірлесе отырып 5 ауылға бөлінді. Әр ауыл қазағымыздың ұлттық салт- дәстүрін қойылым арқылы дәріптеді. Атап өтетін болсақ: Сырға салу, келін түсіру, жар-жар , беташар, тұсау кесу секілді дәстүрімізді жоғары деңгейде өз межесінде өтті.
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп.
Бір жастарыңыз құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!