Тәуелсіздіктің 30жылдық мерейтойына орай Пригород орта мектебі көркем еңбек пәні мұғалімдері Мустафина Б.А. және Санат А.Е. оқушылар арасында макет жасаудан көрме ұйымдастырды. Оқушылардың әр түрлі материалдарды тиімді қолданып жасаған керемет бұйымдары эстетикалық сауаттылықтарын, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.