Пригород орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30жылдығы негізінде "Қазіргі жастарда патриоттық рух бар ма?" тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Қазіргі жастарда рухтың болуы болмауы жайлы екі жақтаушы даттаушы топтары белсене қатысып қызу талқыға салынды.
Мақсаты: Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатырған игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту;
Екі жақты позицияда оқушылардың сөз жарасымдарына қатыстыру барысында оларды обьективтілік, пікір алуындағы елжандылық, принципшідік қасиеттерге тәрбиелеу;
Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық-эвристикалық қабілеттерін арттыру.
Ұйымдастырушы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батыр А.К.