2021 жылдың қараша айының 12 күні 5-6 класс оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді.
1) математика;
2) жаратылыстану;
3) қазақ тілі мен әдебиеті;
4) орыс тілі мен әдебиеті;
5) орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі;
6) қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі;
7) ағылшын тілі;
8) Қазақстан тарихы.
Олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 30 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 14 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды.