"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Ақтөбе қаласы Пригород орта мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістеме бірлестігі мұғалімдері «Тәуелсіздікке-30» жыл мерекесі қарсаңында

Ақтөбе қаласы Пригород орта мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістеме бірлестігі мұғалімдері «Тәуелсіздікке-30» жыл мерекесі қарсаңында 30 игі іс жасап жатыр. Жоспарланған айлық жоспар басында«Құрақ құрау- күрделі ойдың жемісі» атты бірінші кезең болған еді. Бүгінгі күн екінші және үшінші кезеңдерде құрақ құралып, төртінші кезеңге жетіп екі құрақ көрпе және екі оюлы жастық дайын болды.Әрі қарай құрақ құрауға оқушылар мен ата-аналар да жұмылдырылып отыр.Келесі кезекте көрпе құрау челенджін «бастауыш класс» бірлестігінің жетекшісі Ж.Т.Жұрмановаға жолдаймыз. Бірлестік ұстаздарына «Бірлік-түбі береке» сынды жасаған істеріне толағай табыс тілейміз!!!

Бірлестік жетекшісі Байдовлетова Б. С.