Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған туған жерімізді қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары жалғасын табуда. Ауылымызды таза да көрікті жерге айналдыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Пригород орта мектебінің «Еріктілер» клубы мүшелері, мектеп оқушылары және мектеп ұжымы сенбілікке шықты.
Барлығы да бірігіп ауыл тазалығына үлес қосуда.
Сенбілік - тазалық кепілі. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Ауылға үлес қосу – туған жерге деген қамқорлығың болып табылады.