Пригород орта мектебінде 2021 ж.23 қараша күні Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне арналған «Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Қоғамның тұрақты дамуы үшін жалпыадамзаттық құндылықтар мен мақсаттарға негізделген рухани адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген жас ұрпақты дамыту және тәрбиелеу.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумасынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Яғни, жалпыадамзаттық құндылықтар-адамның ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі деп түсінуіміз керек.