22.10.2021ж жоспарға сәйкес "Қыз - ұлт болашағы " тақырыбында 7-11 класс қыз балаларына дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, жас жеткіншектір арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. «Болашақ ұрпақ, бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе", "Ерте жүктілік»- бейне ролигтер көрсетілді. «Сұрақтар жаңбыры» пікір алмасу арқылы қыздарды толғандырып жүрген ой-пікірлері тыңдалды.
Қарғалы қалалық емханасының гинеколог дәрігері А Адаялиева қатысып,қыз балаларға жеке бас гигиенасы, ерте жүктілік туралы ақпараттар берді.Педагог-психологтар Б.М.Сисенгалиева, М.Г.Ольто дөңгелек үстел барысында қыздармен сұрақтар алмасып ұсыныс,кеңестер берді.