Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "Оқуға құштар мектеп" жобасын қолдай отырып, "Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ-нің төрағасы Ж.Табылғанов мектеп кітапханасына әдеби кітаптар сыйға тартты. Мектеп директоры Г.Б.Жанина өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің қажеттіліктеріне асып, жас оқырмандарымыз көбейе түседі деген сенімдеміз.
