"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Наурыз - думан

Пригород орта мектебі бойынша  2016-2017 оқу жылындағы
22-наурыз «Наурыз - думан» мерекесінде өткізілген
іс-шаралар 

Мектепішілік жоспарға сәйкес 22-наурыз «Наурыз - думан» мерекесіне арналған көптеген класс сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді. М.Сарманованың «Ұлттық тәрбие – ұлы елдің ұмытылмас мұрасы» атты ұлттық салт-дәстүрімізге құрметпен қарау үйірме жұмыстары бойынша және 9 «а» класс қыз балалармен  «Сырымды бөліссем..» тәрбие сағаттары өткізілді. Рухани-адамгершілік тәрбие, жыныстық тәрбие бағыттары бойынша сырласып оқушылар өтпелі кезеңдегі  өз бойларындағы өзгерістер және достық қарым – қатынас, мұғалім мен оқушы арасындағы кішіпейілділік, сыйластық туралы ойларын ашық бөлісті. Мектеп кітапханашысы және еңбекке баулу пәні мұғалімдері оқушылардың өз қолдарымен жасалған зергер бұйымдар мен ою-өрнектерінен «Наурыз- ұлт мерекесі» атты  көрме ұйымдастырды және ұлттық киімдерден дифеле көрсетілді. 

«Айгөлек» шағын орталығы және мектепке даярлық тобы «Наурыз- жыл басы» тақырыбында ата-аналармен бірлесе отырып ертеңгіліктер өткізді, өз өнерлерін ортаға салды. «Наурыз – береке » атты 7-11 кластар аралығында салт-дәстүрімізден көріністер ұлттық нақышта өткізіліп, дәстүріміз айқындалды. 5-6 кластар аралығында « Қарттарым-асыл қазынам» атты  тәрбие сағаттары өткізіліп, ардагерлерді мейраммен құттықтады. «Наурыз-көркем» тақырыбында оқушылар өздерінің жүрек жарды құттықтауларын ұсынды. 21- наурыз күні «Наурыз - думан» мерекелік шара мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары, кәсіпкерлермен бірлесе өткізілді. Мектеп алдында  ағаш үй тігілді. Мереке барысында жас келіндерден ұйымдастырылған «Инабатты келін» атты сайыс өткізілді. Сайыскерлер Блогадар селолық округі әкімінің  алғыс хаттарымен марапатталды, сыйлықтар табыс етілді. Ұлттық ойындардан сайыстар өткізді, жеңімпаздарға шағын сыйлықтар берілді. Барлық шаралар өз деңгейінде өтіп, Наурыз мерекесінен шабыттанып, тағы бір серпіліп қалдық.