1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін "Мектепке жол" республикалық акциясы өткізіледі. "Мектепке жол" қайырымдылық акциясының мақсаты - аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармаудың алдын алу. Бірінші қыркүйек-барлық балалар үшін білім күні. Бұл мектеп жасындағы барлық балалар үшін мереке болуы керек. Баланы мектепке дайындау, қажеттінің бәрін сатып алу — өте қымбат. Дәстүр бойынша біздің мектепте жыл сайын қайырымдылық марафонын өткізу, демеушілер есебінен балаларға материалдық көмек көрсету жоспарланған.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың тағдырына бей-жай қарамайтын барлық адамдарды акцияға қатысуға шақырамыз!
