"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Бүгін жазғы мектеп жұмысы өз мәресіне жетті

18.06.2021

 

Пригород орта мектебінде 26 мамыр күні жазғы мектеп өз жұмысын бастаған болатын. Қашықтан оқыту барысында оқушылардың түсінбей қалған тақырыптары бойынша Қазақстан тарихы, математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінен негізгі тақырыптар қамтылып сабақтар өткізілді. Оқушылар күнделікті таңертең бой жазу жаттығуларын жасап, әр сынып оқушылары топтарға бөлініп сабақтарын оқыды. Пән мұғалімдері өз сабақтарын қызықты ұйымдастырды. Бүгін жазғы мектеп жұмысы өз мәресіне жетті. Оқушыларымызға жазғы демалыста сәттілік тілейміз!