08.06.2021
Пәндер бойынша өткізіліп жатқан сабақтарға оқушылар белсенділікпен қатысып, үзілісте ұйымдастырылған «Кітапты QR-кодпен оқыңыз іс –шарасына қызығушылықпен қатысты. Мектебімізде жас оқырмандарға арналған QR-код стенді орнатылған. Енді оқырмандар қаламгерлердің шығармасын смартфон арқылы оқи алады. Оқушылар QR-кодтың көмегімен өз смартфонына кітапты жүктеп алып оқыды. QR-код стендінде қазақстандық, ресейлік, шетелдік, балалар әдебиетінің электрондық шығармалары ұсынылған. Бұл қосымша оқушыларға өте ұнады. Оқушылар цифрлы технологияны тиімді пайдаланғандары туралы ой бөлісті