«Соңғы қоңырау» салтанатты шарасының өткізілу форматы
Салтанатты шаралар кезінде келесі қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына мән берілуі тиіс:
➢ мектеп ғимараты мен аумағында қашықтық сақтауға байланысты белгі салу;
➢ соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру кезінде қол алысуға тыйым салынады;
➢ ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен бір адам, ал мектеп оқытушылары құрамынан 6 адамның қатысуы;
➢ маска режимін қамтамасыз ету және іс-шараға қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтау;
➢ мектеп аумағында адамдардың, қонақтардың (ата-аналар, жақын туыстар, қамқоршылар және т.б) жиналуына жол берілмейді;
➢ соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру салтанаты аяқталған соң көшеде, қоғамдық тамақтану орындарында (мейрамхана, дәмхана және т.б.) адамдар көп жиналатын шараларды өткізуге рұқсат етілмейді.