Құрметті ата-аналар!
Оқу жылының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Осыған орай мектеп қабырғасында өтетін мерекелік шаралар қарсаңында қаражат жинау немесе сыйлық беруге қатысты түрлі сұрақтар қойылып, алуан пікірлер айтылатыны жасырын емес.
Соңғы қоңырау, түлектердің мектеп бітіру кештері, аттестат құжаттарын тапсыру рәсімі мен сыныптарға жүргізілетін жөндеу жұмыстарына ата-аналар комитетінен заңсыз ақша жиналмауы, түлектер тарапынан ұстаздарға сыйлық жасау қатаң қадағаланатын болады.
Барлық білім беру мекемелерінің басшылары ата-аналардан және мұғалімдерден ақша жинауға қатаң тыйым салынатындығы жөнінде ақпараттандырылды.