"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
“Ардагерлеріміз –ардақтыларымыз” Төлеу әже

“Ардагерлеріміз –ардақтыларымыз”

Пригород орта мектебінің 10"а"класс оқушылары класс жетекшісі Л.А.Жалғасовамен 98 жасқа келген тыл ардагері Төлеу әжеге барып Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.

Төлеу әже 1923 жылы Шалқар өңірінде дүниеге келді. Аштық басталған кезде 10 жастан кеткен бала еді. Аштық кезінде әуелі әкесінен, кейін көп ұзамай үш бауырынан айырылады. Анасы екеуі Шалқардың Аяққұм ауылына қоныстанып, ауылдағы бар шаруашылық саласында еңбек етеді. Қой, түйе жүнінен қолғап, шұлық тоқып, соғысқа жіберіп тұрады. Отанға сіңірген еңбегі үшін бірнеше рет төсбелгілермен, мақтау қағаздарымен марапатталып, еңбегі еленді.

"Адамды қартайтпайтын екі нәрсе: игі ісі мен ізгі сөзі" демей ме? Төлеу әженің халқына жасаған жақсылығы мен тума-туыс, көрші-көлем, ұрпағына айтатын жылы сөздері,"Айналайыны" 98 жасқа келсе де, әжені қартайтатын емес. Жүз жасаңыз, Төлеу әже!