“Ардагерлеріміз –ардақтыларымыз”
Бержанова Мапиза апай бұрынғы Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Богатый ауылында 1932 жылы, 25-желтоқсанда туып, өскен, мектепте 8 класс оқыған. Ұлы Отан соғысы басталғанда 9-ақ жаста болғанына қарамай, окып журіп жумыс істеген, шөп шапқан, пішен буған, күріш суарған, балык аулауға көмектесіп, сол колхозда жұмыс жасаған бала кезден. Өз әкесі ерте қайтыс болған, анасының жанында ерте еңбекке араласқан, тұрмыс құрып, 4 балалы болған, 3баласы қайтыс болып бірінен кейін бірі, қазір әжей қызымен бірге тұрады. Жыл сайын әр мереке сайын 9"А"класс оқушылары класс жетекшісі Мустафина Б. А. апайларымен әжейді құттықтап, қыс мезгілі нде аула қарын аршып, қамқоршылық жасап тұрады. Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай барып, әжейдің әңгімелерін, айтқан әндерін қызыға тыңдап, батасын алып қайтты.
