"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
14 Наурыз-Жаңа жылдың басы болып саналады.

14 Наурыз-Жаңа жылдың басы болып саналады.Еліміздің батыс аймақтарында, Маңғыстау, Атырау облыстарында тегіс, Орал, Ақтөбе облыстарының кей бөлігінде, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде Наурыз айы туды деп, наурыз айының 14-күнінен бастап, «Көрісу» салты басталады. Кей жерлерде «амал» деп те атайды.. Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарханын жайып қояды. Наурыздық жасап, ата-баба рухына дұға бағыштайды.Біздің жақта осы күні кішілер үлкендерге, көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне, ал, бала-шағалар әр үйге кіріп, көрісіп құттықтап шығады. Тек келіндер аталарына және қайынағаларына көрісуге болмайды. Ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер жағы да құшақтасып, беттерінен сүйіп, көрісіп жатады. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты – ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» – деген. Сонда көрісу дәстүрі тек батыста емес, барлық жерлерде де болған, тек бертін келе халық ұмытып кеткен, отаршыл саясат ұмыттыруға тырысқан. Бірақ, осы батыс аймақтарда ұмытылып көрген емес. ХХ ғасырда ел шұбырған аумалы-төкпелі заманда сан қазына түбірімен құрып, ұмытылып кеткені шындық. Ай мен Үркердің қиылысып өтуін көшпелі жұрт тоғыс атаған ғой. Наурыз айында тоғыстың келетін тұсы да осы күндерге келетін болса керек. Халық сенімінде 14-нен 15-на қараған күні қой құмалағы қарға батып кетсе, жақсылыққа санап, ырым еткен. 15-і күні халық қыс жұлдызы бітіп, жаз жұлдызы туды деп есептеген екен. Сонымен, 14 НАУРЫЗ – қазіргі күнтізбе бойынша Наурыз айы туады. Келе жатқан Жаңа жылымыз – Наурыз құтты болсын!