"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
"Кітап - білімнің қайнар көзі"

Кітап қана  мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Қазіргі заманда күнделікті қолданысқа енген ғаламтор , компьютер, смартфон  секілді құралдардың әсерінен балалардың  көркем әдебиетке деген  қызығушылығы азайды. Сондықтан Пригород орта мектебінің 1 «А» сынып ата-аналары елімізде болып жатқан төтенше жағдайға түсіністікпен қарап,  бос уақытында балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп тапты.Мектеп кітапханашысы Балқашбаева Гүлнар   мен сынып жетекшісі Мулдашева Карылгаш Кабиевнаның қолдауымен  23-сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне орай  «Кітап – біздің досымыз» атты бейнебаян жасап, балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырды.  Қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін « Мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын одақпен жұмыс жасау қажет.