"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
"Өзін-өзі тану" онкүндігінің салтанатты ашылуы

3-ақпан күні Пригород орта мектебінде  "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" тақырыбында "Өзін-өзі тану" онкүндігінің салтанатты ашылуы болды. Адам бойындағы адамзаттық құндылықтардың негізі қаланатын пән әр оқушының жүрегінен орын алды.

 

Оқушылардың "Өзін-өзі тану" пәніне қызығушылықтары жылдан-жылға артып келеді. Мектеп ұстаздары мен оқушылары салтанатты ашылуға жоғары көңіл-күймен атсалысты.