Музыка жүрек тілі, ол -сезімдер мен көңіл -күй əлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.
Пригород орта мектебінде еліміздің болашағы оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де,өнерлі ұл -қыздарды тəрбиелеу мақсатында музыка пəнінің жетекшісі Илияс Женисұлы жəне аға тəлімгер Ляззат Аянқызының ұйымдастыруымен "Əн -көңілдің ажары "байқауы өткізіліп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Байқауға қатысушылар қамқоршылық кеңес мүшелерінің тарапынан сыйлыықтармен марапатталды.