"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Жауқазын - 2020» халық би байқауында мектеп намысын биші қыздардан құралған «Шұғыла» би ұжымы қорғап, жүлделі бірінші орынды иеленді

Қалалық оқушылар сарайы өткізген облыстық «Жауқазын -2020» халық би байқауында мектеп намысын биші қыздардан құралған «Шұғыла» би ұжымы қорғап, жүлделі бірінші орынды иеленді.

Ақ дидарлы, күн келбетті биші қыз,-деп ақын-жыршыларымыз жырлағандай, сахнада мың бұралған биімен биші қыздар қазылар алқасын тәнті еткен. Жетекшісі Л.А. Гайсина  алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!