1941-1945 жылдардағы Отан үшін болған ұлы шайқасқа елімізден сан мыңдаған әскер аттанып, оның жартысынан астамы майдан даласында оққа ұшып, шейіт болды
Қаншама отбасы қазадан қан жұтып, бірі баласынан, бірі жарынан, ендібірі бауырынан мәңгіге айырылып, қайғы құшты. Ер азаматтар майданға аттанғанда, ауылда қалғананалар мен қыз-келіншектер, шал-шауқандар бір сәтте тыным таппай, «Бәрі де Отанүшін, бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен тылда еңбек етті. Міне, сол ерен еңбек пен ерліктің арқасында 1945 жылы Совет әскері фашистік Германияны ойсырата жеңіп, тізе бүктірді.
Ұлы Жеңістің туы тігілгелі де 74 жыл уақыт өтіпті. Пригород орта мектебі Ұлы мерекені атапөтті. Бұл күндері ауылымыздың көлемінде тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, майдан даласында шейіт болған боздақтар рухына тағзым етіліп, ұлы ерлік жаңғырады.
https://prigorod-sh.edu.kz/novosti-kz/251-ly-zhe-is-k-ni-tty-bolsyn.html#sigFreeId5ff6e7ef11