"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Жеңіске 40 жыл»

Пригород орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері «Жеңіске 40 жыл» көшесінде орналасқан саябаққа сенбілікке шықты.  Сенбілікте жиналған қоқыстарды арнайы көлікке тиеп, тиісті орынға жөнелтілді. Табиғатты таза ұстап, айналаны қоқыстан тазартуды әркім өзінен бастаған жөн. Табиғатты қастерлеу мен бағалау – сенбілік жұмыстарынан көрінетіні анық.


Егер өзіңіз өмір сүріп, ауасымен тыныстап жатқан өңіріңіздің тазалығы Сізді алаңдатар болса, сенбілікке өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.


Көктем – күн шуағының жер тоңын жібітіп, топырақ бусанып, қоқыстардың қобырайтын кезі. Сондықтан, бұл мезгілде атқарылатын жұмыстар да ауқымды. Табиғатты қастерлеу мен бағалау – сенбілік жұмыстарынан көрінетіні анық.


Аумағын абаттандыру және санитарлық күтіп ұстау мақсатында дәстүрлі күзгі экологиялық айлық басталған болатын. ... Сенбіліктің мақсаты - қаланың шырайын әрлендіру, оны үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, студент-жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу.