29 наурыз күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және Қалалық жас туристер стансасының бірігіп ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «Арайлы Ақтөбе –туған өлкем!» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, туған өлкесіне, тарихи мәдениетіне және рухани мұрасына деген көзқарасын арттыру, туристік-өлкетану белсенділіктерін арттыру, балаларды ғылыми зерттеу жұмыстары арқылы ізденімпаздыққа баулу. Конференцияға 9 «А» класс оқушылары Марат Нұрарай, Орынбасарова Эльвира «Туған өлке - тұнған тарих» бағыты бойынша қатысып, іздеу-зерттеу жұмысы жобасының презентациясын қорғады. Ғылыми-тəжірибелік конференцияның əділқазылар шешімі нəтижесінде Марат Нұрарай ІІІ орын, Орынбасарова Эльвира сертификат иеленді. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі А.Е.Кадырова. Оқушыларымызды алған жүлделерімен құттықтаймыз!
https://prigorod-sh.edu.kz/novosti-kz/239-arajly-a-t-be-tu-an-lkem.html#sigFreeId0f803a20ff