"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Олимпиада

Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиада 2 айналымда өткізілді.


1 айналым  - жазбаша эссе;

2 айналым – ауызша – қазақ  тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу  бойынша.

Олимпиадаға  9 «А» класс оқушысы Марат Нұрарай, 10 «А» класс оқушысы Байтөре Индира, 11 «А» класс оқушысы Мақсатова Шаида қатысып мадақтама иеленді. Жетекшісі Байдовлетова Б.С.