"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
8-11 класс оқушылары арасында «Мектеп аруы - 2019»

8-наурыз «Халықаралық Әйелдер мерекесі» қарсаңында 8-11 класс оқушылары  арасында «Мектеп  аруы - 2019» байқауы өтті. Мақсаты: мектептегі ару қыздардың өнері мен білімін сарапқа салып, қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беру. Байқауға қатысқан қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салды. «Мен қазақтың қызымын» өзін-өзі таныстыру, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» өз өнері сайысында көрермендерге ән айтып, би билесе, «Салт – дәстүрді білесің бе?» атты сұрақ-жауап кезеңінде қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына қатысты танымдық сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге ас мәзірі, әртістік қабілетін байқау және сән үлгісі шарттары бойынша сынға түсіп, бар өнерлерін ортаға салды. Қыздарымыз өздерінің барлық жақсы жақтары мен өнерлерін көрсетіп «ару» деген атқа лайық екендерін тағы бір дәлелдеді. Нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлде «Мектеп аруы - 2019» атағын 11 класс оқушысы Русланқызы Ақбаян жеңіп алды.