15 ақпан 2019 ж. күні 63 ЖББОМЛ базасында Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен Республикалық Қадыр оқуларының қалалық кезеңі өтті. Қадыр оқулары 3 бөлім бойынша өткізілді:
1) "Сөздің бәрі құдіретті" - Қадыр өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу;
2) "Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда" - Қадыр ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқау;
3) "Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін" - жас дарындылар конкурсы.
9 «А» класс оқушысы Айтенов Сәулет "Сөздің бәрі құдіретті" - Қадыр өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу бағыты бойынша қатысты. Жетекшісі Байдовлетова Б.С.
8 «А» класс оқушысы Қазихан Бәқдәулет "Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда" - Қадыр ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқау; бағыты бойынша қатысып, мадақтама иеленді. Жетекшісі Рахметова Г.Ж.
https://prigorod-sh.edu.kz/novosti-kz/229-respublikaly-adyr-o-ularyny-alaly-keze-i-tti.html#sigFreeId415a433a23