Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына байланысты 3 «А» класында «Туған өлкем -Ақтөбем» атты ашық класс сағаты өтті. Класс жетекшісі О.Т.Кемалова класс сағатында қаламыздың тарихы, өнеркәсіптік кәсіпорындары туралы мәліметтер берді. Қаланың бейнесі тарих тегеурінінде көп өзгерістерге ұшырап,бүгінде шырайлы шаһарға айналғаны туралы оқушылар мақтанышпен айтты.