"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
"Ақтөбе-туған өлкем" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай Пригород орта мектебінің 8"А" класында "Ақтөбе-туған өлкем" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында оқушылар Ақтөбенің тарихы, қазба байлықтары, өнеркәсіп орындары  және атақты, ірі тұлғалары жайлы көптеген мағлұматтарды білетіндіктерін көрсетті. Тәрбие сағат соңында оқушылар Ақтөбе туралы өлең жырларын оқып, ән шырқап, терме орындады. Тәрбие сағат өте әсерлі, мағыналы өтті.