"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Жаңа жылдық шырша

Пригород орта мектебі оқушыларға  арналған дәстүрлі жаңа жылдық шырша ұйымдастырды. Жаңа жылдық  мереке  басталысымен ертегі кейіпкерлері балаларды сиқырлы ертегі әлеміне тартып, қызықтырып әкетті.

Балалар өздерін оқиғаларға толы мерекелік ахуалда сезініп, түрлі конкурстарға қуана қатысты. Аяз Атаның келуімен әндер мен билерге толы нағыз мереке басталды. Қойылымнан соң балалар Аяз Ата мен Ақшақарға жарыса отырып, өздерінің тақпақтарын оқыды. Соңынан кейіпкерлермен суретке түсіп, жаңа жылдық сыйлықтар алды.

 

.