Ақтөбе қаласы Пригород орта мектебінде 5-қыркүйек "Қазақстан халықтарының тілдері күні" мерекесіне орай "Бала тілі- бал"тақырыбымен мəнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мəнерлеп оқу сайысында қазақ халқының белгілі ақын-жазушылардың өлеңдерін насихаттады. Сайысқа қатысқан оқушылардың дауыс ырғағы, сахна шеберлігі бағаланды. "Бала тілі-бал"мəнерлеп оқу сайысының бас жүлдесін 8"А"сынып оқушысы Төлеуғалиева Назерке жеңіп алды. Сондай-ақ I орынды 7 "А" сынып оқушысы Исаева Алтынзер иеленсе, II ,III орындарды бастауыш, орта буын оқушылары бөлісті. Əрдайым, Туған тіліміздің тұғыры биік болсын!