Пригород орта мектебінің 4"а" класында тәжірибелі ұстаз К.К.Мулдашеваның жетекшілігімен Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мерей тойымен тұспа-тұс келген отбасы күні мерекесінде "Отан отбасынан басталады" дегендей, "Отбасы-бақыт мекені" атты ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: рухани жаңғыруды сипаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойында Отынына, отбасына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Болашағымызға бағдар ететін, ұлы мақсаттарға жетелейтін Мәңгілік ел идеясын бағытында балалардың болашағына жол ашу. Осы мақсатты көздеген тәрбие сағаты кең де ауқымды көлемде өтті. Ата-ана мен бала отбасының құндылықтарын тәрбие берудегі оң нәтижелерді назарға алды.