Облыс əкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен бастау алған "Бақытты бала-мəңгілік ел кепілі" жобасы аясында Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы қаладағы жалпы білім және негізгі орта мектеп оқушылары арасында «Мен Тәуелсіз ел ұланымын» атты қалалық байқауын ұйымдастырды.
Байқауға мектебіміздің оқушылары қатысып жүлделі орындарды иеленді. 11 «А» класс оқушысы Хаббасов Жәнібек «Үздік ән» бағыты бойынша І орын. Жетекшісі Рахметова Г.Ж. 8 «А» класс оқушысы Марат Нұрарай «Үздік шығарма немесе эссе» бағыты бойынша І орынды иеленді. Жетекшісі Батыр А.К. Жеңімпаз оқушыларымыз Ақтөбе қаласының әкімі І.С.Испановтың дипломдарымен марапатталды. Мектебіміздің өнерлі оқушыларына тек шығармашылық шабыт пен өнерлерін өрге жүзуін тілейміз!
Байқауды ұйымдастырып, өткізген Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығына алғысымызды білдіреміз!