Облыс əкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен бастау алған "Бақытты бала-мəңгілік ел кепілі" жобасы аясында 17 cəуір күні Облыстық планетарийде жерлес, ұшқыш-ғарышкер В.И.Пацаевтың 85 жылдығына арналған Облыстық Х Астрономиялық олимпиадасы өткізілді.
Облыстық Х Астрономиялық олимпиадасында мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 9 «А» класс оқушысы Дүсіпова Ш. І орын, Мамбетова Д. диплом, Жетекшісі Қожанова Ә.Ж. 7 «б» класс оқушысы Орлова В. ІІІ орын, 8 «Б» класс оқушысы Киченок А. ІІІ орын. Жетекшісі Казбаев Д.Н.
Байқауды ұйымдастырып, өткізген Ақтөбе облыстық планетарий ұжымына алғысымызды білдіреміз! Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!