Мектебімізде 09-14 сəуір аралығында нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндерінің апталығы өткізілді.
Мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды. Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді.
Апта ағымында келесі іс-шаралар берілді: «Математикалық эстафета», "Ғарыш қырандары", "Знатоки физики", "Ең үздік қабырға газеті", "Ең үздік математикалық флешмоб". Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.