Мектебімізде 11-сынып оқушылары арасында қаржылық қауіпсіздік тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара аясында оқушыларға қаржыны дұрыс басқару, банктік карталар мен электронды әмияндарды қауіпсіз пайдалану, алаяқтықтан қорғану, онлайн төлем кезіндегі қауіпсіздік шаралары сияқты тақырыптар кеңінен түсіндірілді.



















