Пригород орта мектебінде "Бақытты бала - Мәңгілік ел кепілі "жобасы аясында "Қош келдің, Наурыз "мерекесі өткізілді. Мерекеге Ұстаздар, ардагер ұстаздар, қамқоршылық кеңес мүшелері жəне оқушылар атсалысты. Оқушылар ауыл - ауылға бөлініп "Беташар", Бесікке салу", "Тұсау кесу", "Қыз бен жігіт айтысы" сияқты дәстүрімізді дəріптейтін көріністер көрсетті. Сондай -ақ, əн айтылып, күй тартылды. Мектеп əкімшілігі тарапынан бауырсақ жəне наурыз көже ұсынылды. Шақырылған қонақтар ризашылықтарын білдірді
"Қош келдің, Наурыз"