Мақсаты; Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру –тәрбиенің маңызды бір саласы. Жиналыс барысында мектеп директоры Шолпан Кушербаевна оқушыларға мектеп ішінде тәртіпті сақтау, кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз көшеде жүрмеу керектігін ескертіп айтып, мектептен тыс уақытта қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі электронды велосипед, мопедтердің көптігі және жол жүру қауіпсіздігін түсіндірді.