"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Жиналыс барысында «құқық бұзушылық», «буллинг» терминіне түсініктеме беріліп, оның түрлері мен зардаптары жайлы айтылды

3 қыркүйек күні, мектебімізде полиция лейтенант Сағидан Шаттық Байшуақұлы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбаслары Дауылбаева Ж.С., Өтепова А.Б. балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында «құқық бұзушылық», «буллинг» терминіне түсініктеме беріліп, оның түрлері мен зардаптары жайлы айтылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша оқушыларға кеңестер берілді. Сонымен қатар оқушыларға есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік берді.