2024 жылдың 16 тамыз күні жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтөбе қалалық Әкімшілік полиция басқармасы мектеп автобустарының техникалық дайындығын тексерді.
“Пригород орта мектебі” КММ - не қарасты Садовое және Шилисай аумақтарында тұратын балаларды тасымалдауға арналған мектеп автобусының техникалық жағдайына да тексеру жүргізілді.
Мектеп автобустары орындауы керек бірқатар талаптар бар.
Олардың техникалық жай-күйі, техникалық қызмет көрсету көлемі мен мерзімдері, автобустардың жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс. «Балаларды тасымалдау» сәйкестендіру белгісінің және сары түсті жыпылықтайтын маяктардың болуы міндетті. Маусым бойынша дөңгелектерді, өрт сөндіру құралдарының және медициналық қобдишаның болуы мен жай-күйіне, яғни салонда өрт сөндіргіш пен дәрі қобдишасының болуына, сондай-ақ әрбір бала үшін қауіпсіздік белдіктерінің жұмысқа қабілеттілігіне ерекше назар аударылады. Жүргізушілердің құжаттары тексерілді, осы автобустарды жүргізудің тиісті санатының болуы міндетті. Сол тексеруге мектебіміздің автобус жүргізушісі С.К.Калин мектеп автобусын апарды. Тексеру барысында автобустан, жүргізушінің құжаттарынан кемшіліктер анықталған жоқ.
https://prigorod-sh.edu.kz/novosti-kz/1182-mektep-avtobustaryny-tekhnikaly-dajyndy-yn-tekserdi.html#sigFreeId127d8db855