"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу мақсатында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда. «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2024 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. «Пригород орта мектебі» ұжымын және мектебіміздің ата-аналарын осы акцияға белсене қатысуға шақырамыз.